Қоғам

Қазақстанда жаңа жылдың алғашқы күні қанша сәби дүниеге келді

Sputnik
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі жаңа жылда бір күннің ішінде дүниеге келген нәрестелердің санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
1 қаңтарда республика бойынша 782 сәби дүниеге келген. Олардың ішінде 398 ұл мен 384 қыз, арасында үш жұп егіз де бар.
Мереке күні туған нәрестелердің ең көп саны тіркелген өңірлер:
Түркістан облысы – 115 бала;
Алматы қаласы – 83 бала;
Шымкент қаласы – 69 сәби;
Ал ел астанасында 1 қаңтар күні 60 нәресте дүниеге келді.