АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Павлордар облысында жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 1 қаңтарда түнгі сағат 23.30-да "Павлодар –Майқапшағай" тасжолында Мазда-626 мен ВАЗ 21074 соқтығысты. Жол апаты Кенжекөл ауылында жақын жерде болған.
"ВАЗ 21074 маркалы көліктің 1984 жылғы жүргізушісі және 1986 жылы туған жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды", - делінген ресми хабарламада.
"Мазда 626" көлігінде екі адам – 33 жастағы жүргізуші мен 1981 жылғы әйел болған, олар медициналық көмекке жүгінді. Бірақ ауруханаға жатқызылған жоқ. Көлік иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бапта абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.