Денсаулық

Өткен тәулікте 115 адам коронавирус жұқтырды

Sputnik
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Республикада 115 адамнан коронавирус табылды, 2 адам ковидтік пневмонияға шалдықты.
2 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 814 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 555 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
7 адамның жағдайы ауыр,
6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылды.