АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. 1 қаңтарға қараған түні Қазақстанда 240 сәби дүниеге келді. Олардың арасныда бір жұп егіздер де бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Жалпы, 125 ұл және 115 қыз дүниеге келген. Ал мереке түнінде туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелді. Ол жақта 44 сәби дүниеге келді. Екінші орында – Атырау облысы (29 бала), ал үшінші орында - Алматы (28 бала).
Ел астанасында жаңа жыл қарсаңында 17 бала дүниеге келді.