АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Сербия астанасы – Белград қаласында жаңа жылдық кеш болған түнгі клуб суға батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратқа сәйкес, төтенше жағдай кемелер жүретін айлақта болған. Ол жерде танымал Freestyler түнгі клубы орналасқан. Ондай клубтар Сербияда кеңінен тараған. Себебі қадағалаушы органдардың тарапынан тексеріс жүргізілмейді.
Түнгі клуб суға батып бара жатқанда барлық адамды сыртқа шығарып үлгерген. Эвакуация кезінде бір қыз жеңіл жарақат алды.
Куәгерлердің айтуынша, түнгі клуб орналасқан платформаның жартысы суға батып кетті.