Қызылорданың жанында шырша жанып кетті

Sputnik
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Қызылорданың маңайында орналасқан елді мекенде орталық алаңдағы жаңа жылдық шырша жанып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Төтенше жағдай Тасбөгет кентінде болған. Түнгі сағат 02:00-нің кезінде құтқару қызметіне жаңа жылдық шыршаның отқа оранғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына бір көлікпен 7 өрт сөндіруші барды. Олар қысқа уақыттың ішінде өртті өшірді.
"Бізде жаңбыр жауған, сол кезде электр сымдарға су тиген сияқты. Өрттің алдын ала себебі – сымдардың тұйықталуы. Қазіргі кезде шығынның көлемі анықталып жатыр", - дейді құтқарушылар.