АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Қарағанды қаласында сауда үйінің алдында зейнеткер әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 31 желтоқсанда сағат 09.47-де Қарағанды қалалық полиция басқармасына далада жатқан әйелдің мәйіті туралы хабар түсті. 12-ші шағын ауданында "Аян" сауда үйінің жанынан 71 жастағы зейнеткердің денесі табылды.
"Қазіргі кезде қажетті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады", - дейді полицейлер.
Зейнеткердің денесінде зорлық-зомбылық іздері болмаған.