Денсаулық

Өткен тәулікте 181 адам коронавирус жұқтырды

Sputnik
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 181 адамнан коронавирус табылды, 17 адам ковидтік пневмонияға шалдықты.
1 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 806 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 547 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
8 адамның жағдайы ауыр,
5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.