Ақтөбе облысында өрттен бір әйел көз жұмды

Sputnik
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Түнгі сағат бірде Ақтөбе қаласында жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Құтқарушылар жеткенде үйдің жатын бөлмесінде үй заттар өртеніп жатты. Өрттің жалпы ауданы он шаршы метр.
Өрт салдарынан екі адам зардап шекті. 58 жастағы әйел адам көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға барар жолда қайтыс болды. 82 жастағы әйел адам жансақтау бөлімінде.

Өрттің шығу себебі анықталуда.