АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарына жеке қабылдауға қалай жазылуға болатынын еске салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Азаматтарды қабылдауға egov.kz, e-otinish порталы немесе қала әкімдігінің кеңсесі арқылы жазылуға болады. Өзара байланысты күшейтуде әлеуметтік орталықтардың да көмегі зор: "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы (Бейбітшілік көшесі, 14), Тұрғын үй саласында қызмет көрсету жөніндегі бірыңғай орталық (Республика даңғылы, 32)", - дейді Жеңіс Қасымбек.
Оның айтуынша, қазір қабылдауға 100-ден астам отбасы кезекте тұр, ал олардың қатары уақыт өткен сайын артып келеді.
"Проблемаларды барынша жедел шешуге тырысамыз. Азаматтарды қабылдау жұмысы апта сайын өткізіледі, оның ішінде қала тұрғындарымен жергілікті орындарда кездесуді де жалғастырамыз", - деп жазды әкім.