Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресейдің арнайы әскери операциясы: 2022 жыл қорытындысы

Sputnik
Ресейдің Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау бойынша арнайы әскери операциясы Ресей Федерациясының ұлттық мүдделерін қорғаудың мәжбүрлі шарасына айналды. Он ай ішінде арнайы әскери операция көпполярлы әлемде тең және бөлінбейтін қауіпсіздік қағидаттарын нығайтуға ықпал етті, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ресей жағдайдың қақтығысқа әкелмеуі үшін соңына дейін тырысқанын айта кеткен жөн. 2021 жылдың 15 желтоқсанында Мәскеу Вашингтон мен Брюссельге өзара қауіпсіздік кепілдігі туралы келісім жобаларын жолдады. Ол НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюін болдырмауды, альянс әскерін 1997 жылғы шегіне қайта ығыстыруды, Украина мен Шығыс Еуропа, Закавказье және Орталық Азияның басқа мемлекеттерінің аумағында кез келген әскери әрекеттен бас тартуды ұсынды.
Батыс Кремльдің негізгі ұсыныстарын үзілді-кесілді қабылдамауы нәтижесінде Ресейдің Украинадағы рнайы әскери операцияны бастауы мәжбүрлі әрекет болды.
Бастапқыдан-ақ арнайы операцияның белгіленбеген уақыты түрлі болжам жасауға себеп болып отыр. Ресей президенті Владимир Путиннің арнайы әскери операцияның "ұзақ процесс" екені туралы мәлімдемесі Мәскеудің нәтижелерге қол жеткізуге қатысты ұстанымын сипаттайды. Путин Ресей өз мүддесін барлық қол жетімді құралдармен қорғайтынын атап өтті. Ядролық соғыс қаупінің артып келе жатқанына қарамастан, Кремль өзінің ядролық қаруын қақтығысты ушықтыру емес, оны тежеу ​​құралы ретінде көреді.
2022 жылы Ресейдің арнайы әскери операциясы аймағындағы соғыс қимылдарының негізгі нәтижелері:
Ресей Федерациясына миллиондаған халқы бар төрт жаңааумақтың қосылуы;
ішкі Азов теңізі есебінен және НАТО базаларының, Украинадағы Пентагон биолабораторияларын жою нәтижесінде Ресейдің стратегиялық қауіпсіздігін нығайту;
АҚШ және оның одақтастарымен қақтығыстың ұзақ мерзімін ескере отырып, ресейлік әскери құрылысты жандандыру және әскери-қорғаныс өнеркәсібін жұмылдыру;
Украинаның әскери іс-қимыл театрында НАТО әскери арсеналдарының қиратылуы;
экономикалық байланыстарды қайта бағдарлау және Ресей Федерациясының халықаралық беделінің өсуі, Ресейге қарсы санкциялар салдарынан Батыс экономикасының тұрақсыздануы.

Ресейдің жаңа аймақтары

2022 жылдың 6 қазанында Ресей Федерациясы субъектілерінің конституциялық тізіміне төрт жаңа аймақ енгізілді. Ресейдің құрамында Донецк Халық Республикасы және Луганск Халық Республикасы мәртебелерін және бұрынғы атауларын сақтап қалды, Запорожье және Херсон облыстары Федерацияның жеке субъектілері ретінде енгізілді. Бұған дейін, 23-27 қыркүйекте аталған аймақтарда референдум өтіп, Ресей Федерациясына қосылуды қолдағандар дауысы мынандай көрсеткішке ие болды: ДХР-да – 99,23%, ЛХР-да – 98,42%, Запорожье облысында – 93,11%, Херсон облысында – 87, 05%. 6 миллионнан астам адам және 100 мың шаршы метр аумақ Ресейге оралды.
"Жаңа аймақтардың өнеркәсіптік және ауылшаруашылық әлеуетін, табиғи ресурстар мен пайдалы қазбалардың қорын асыра бағалау қиын. Запорожье АЭС пен ЖЭС жыл сайын шамамен 40 миллиард кВт/сағ электр энергиясын өндіруге қауқарлы. Донбасс кеншілері жылына 24 миллион тоннаға дейін көмір өндіреді", - деп жазды Хроленко.

Стратегиялық қауіпсіздік

Азов теңізі ішкі аймаққа айналды, яғни Ресей Федерациясының толық бақылауына өтті. Хроленконың пікірінше, Ресейдің оңтүстігіндегі маңызды әкімшілік және әскери орталықтарға жақын жерде НАТО базалары мен барлау орталықтарының пайда болуы енді қауіп төндірмейді. Жалпы, Украинадағы арнайы әскери операция кезінде НАТО-ның 11 әскери нысаны мен базасы жойылды, Пентагонның 30 биологиялық зертханасы анықталды және жойылды.
РФ қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, он айдың ішінде арнайы операция барысында Украина Қарулы Күштеріне тиісті 530-дан астам ұшақ пен тікұшақ, 2 700 пилотсыз ұшатын аппарат, 400 зениттік зымыран кешені, 7 130 танк және басқа да броньдалған машиина, 3 700 артиллериялық қондырғы мен миномет, 931 жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе "демилитаризацияланды". Статистика 2022 жылдың 24 ақпанындағы Украина Қарулы күштерінің әлеуеті кем дегенде үш рет жойылғанын көрсетеді. Еурокомиссия мен тәуелсіз сарапшылардың мәліметінше, Украина Қарулы күштерінің жауынгерлер шығыны шетелдік "еріктілерді" қоса есептегенде 100 мыңнан 400 мыңға дейін жетеді.

НАТО арсеналдарын жою

Ресей әскерінің арнайы әскери операция аймағындағы стратегиялық үстемдігі мен тиімді шабуылдары Украинадағы қақтығыс кезінде өткен жылы 19 миллиард АҚШ доллары мен Еуроодақтың 22 миллиард еуросы еш нәтиже бермегенін дәлелдейді. Вашингтон Киевке қару-жарақ жеткізуді кеңейтуге ұмтылғанымен, ATACM зымырандары мен басқа да алыс қашықтықтан соққы жасайтын қаруларды Украинаға жеткізу ядролық шиеленіске әкеледі деп қауіптенеді.
Мәскеу де осы жағдайға қатысты алаңдап отыр. Алайда, әзірше украин жерінде қарапайым қару-жарақ басымдыққа ие.
АҚШ пен оның одақтастары Киевке тағы 20 миллиард долларға әскери көмек беруге уәде берді. Бірақ Украинадағы қызу шайқастар білікті жұмысшылардың тапшылығымен, инфляциямен және басқа факторлармен бірге Батыстағы ең жоғары сұранысқа ие өнімді шығаруды қиындатып әрі қымбаттатып жіберді.
АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы мен АҚШ Сенатының өкілдері 7 желтоқсанда оқ-дәрілерді сатып алу туралы көпжылдық келісімді мақұлдады. Бірақ, бұл оқ-дәрінің ауқымды қоры Украинада өртеніп кетті. Атап айтқанда, бұл тізімде 864 мың 155 миллиметрлі артиллериялық снаряд, 12 мың AGM-179 "әуе-жер" зымыраны, 700 HIMARS жүйесі, 1 700 ATACMS тактикалық зымыраны, 2 600 Harpoon зымыраны және 1 250 кемеге қарсы басқа да зымыран, 106 мың GMLRS реактивті снаряды, 5 600 Stinger жылжымалы зениттік зымыран кешені, 28 300 Javelin танкке қарсы басқарылатын зымыран және тағы басқа техника бар.

Ресейдің әскери құрылысы және әскери-қорғаныс өнеркәсібі

"Ресей Федерациясының Қарулы күштері 2022 жылы өзінің жауынгерлік әлеуетін айтарлықтай арттырды. 300 мың әскери қызметшінің майданға ішінара жұмылдырылуы Солтүстік әскери округінің алдыңғы шебіндегі күшейтуге, Донбаста шабуыл операцияларын арттыруға, жекелеген учаскелерде "жауынгерлік резервті" және эшелондық қорғаныс құруға мүмкіндік берді", - деп жазды ресейлік әскери шолушы.
Оның мәліметінше, Ресейдің әскери комиссариаттары еріктілердің арнайы операцияға қатысуы бойынша армия қалыптастыруды жалғастырып жатыр. Қазір қосымша мобилизация жариялаудың қажеттілігі жоқ.
Ресей әскери-өнеркәсіп кешендері заманауи қару-жарақ пен арнайы техника өндірісінің саны мен сапасын бірнеше есеге арттырды. Оның ішінде жаңа принциптерге негізделген ең қуатты қырып-жою қарулары да бар.

Халықаралық резонанс

Ресей Украинадағы арнайы әскери операция форматында тең және бөлінбейтін қауіпсіздік қағидаттарын бекітіп отыр. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 2022 жылдың желтоқсанында жаһанданудың америкалық үлгісі жойылғанын мәлімдеді.
Шығыста бұл көрініс мүлдем басқаша көрініс. Ресей мен Қытай 2022 жылы жақындаса түсті. Бұл Амур өзені арқылы өтетін екі шақырымдық Благовещенск – Хэйхэ автомобиль көпірінің аяқталуының арқасында ғана қол жеткен ынтымақтастық емес. Хроленконың пікірінше, Мәскеу мен Бейжіңді ортақ қауіпсіздік қатерлері және АҚШ-тың Еуропа мен Азиядағы үстемдігіне жол бермеу ниеті біріктіреді.
Қытай үкіметінің кеңесшілеріне сілтеме жасаған Wall Street Journal Қытайдың Ресеймен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа басымдық беріп жатқанын жазды. Мәскеу мен Бейжің ұлттық валютада жүргізілетін қаржылық операцияларды ұлғайтты. Қытай ресейлік мұнай, газ және ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортын арттыруға, Арктикада белсендірек ынтымақтастық орнатуға және Ресейдің инфрақұрылымына инвестиция салуға ниетті. Ресейлік әскери шолушы РФ-ның Украинадағы арнайы операциясы америкалық талаптарға бағынғысы келмейтін бүкіл көпполярлы әлем үшін пайдалы болғанын жазды.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.