Қар, бұрқасын, көктайғақ: синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

Sputnik
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет 31 желтоқсан -2 қаңтарға ауа райы болжамын жасады.
Синоптиктердің болжамынша, ауа-райының қолайсыздығы, қар мен бұрқасын күтіледі.
Қазақстанның ауа-райын Атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайтын болады.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады, бұрқасын, екпінді жел соғады, республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, тұман, көктайғақ күтіледі.
1 қаңтарда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы түнде батыста 1-6 аяздан 3 аяз-2 жылыға дейін аздаған жоғарылайды.
Елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында 5-20 аяздан 10-25 аязға дейін аздап төмендейді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 0-10 аяздан 3-15 аязға дейін біртіндеп төмендеуі болжанады.