Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украина президенті Владимир Зеленскийдің "бейбітшілік формуласына" Мәскеудің көзқарасы, Украинамен арадағы келіссөз ықтималдылығы, Ресейдің ЕҚЫҰ-дағы мүшелігі және Иран ядролық мәмілесін қалпына келтіру мәселесі туралы РИА Новостиге сұхбат берді.
РИН Новости тілшісінің Украинада қазір Мәскеу келіссөз жүргізуі мүмкін қандай да бір саяси күш немесе саясаткер бар ма деген сұрағына "бірнеше рет жүргізілген келіссөз белгілі бір деңгейде ымыраға келу мүмкіндігі бар екенін көрсеткенін" айтты.
"Қазіргі украин саясаткерлері келіссөз жүргізу қабілетінің бәсеңдігімен белгілі. Олардың көбі "русофобтар". Еске салсам, арнайы әскер операция басталғаннан кейін бірден Владимир Зеленскийден келіссөз жүргізу туралы ұсыныс түсті. Біз ол ұсынысты кері қайтармай, Украина өкілдерімен кеездесуге келістік. Келіссөздің бірнееше раунды өзара тиімді ымыраға келу мүмкін екенін көрсетті. Алайда, ақпанда басталған келіссөз процесі Зеленскийдің маңызды шешім қабылдау қауқары жоқ екенін ашық көрсетті. Сәуірде ол әскери іс-қимыл жалғаса бергенін көздейтін англосаксондардың нұсқауы бойынша келіссөзді жедел тоқтатып, өз ұстанымын қатаңдатты", - деді Лавров.
Оның пікірінше, Киев диалогқа дайын емес. Зеленский "бейбтшілік формуласы" сынды түрлі иделарды жариялап, Батыстың көмегімен Донбасс, Қырым, Запорожье және Херсон аумағынан ресей әскерін шығаруды, Ресейдің репарация төлеуін, оның халықаралық трибунал алдында жауап бергенін көздейді.
"Біз мұндай талаппен келіссөз жүргізбейтініміз анық. Киев режиміне бағыныстағы аумақта саналы саясаткер қалды деу күрделі. Бәлкім, алдағы уақытта пайда болатын шығар", - дейді ресейлік министр.
Лавров Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Ресейдің мүшелігі туралы ойымен де бөлісті.
"Ашығын айтайын, ЕҚЫҰ-да қазіргі жағдай мәз емес. Ұйым тең диалог пен ынтымақтастық алаңы ретінде құрылды. Бірақ, соңғы бірнеше жылда ол үлкен дағдарысқа ұшырады. Батыс ЕҚЫҰ-ны өзінің ұжымдық мүдделерін насихаттау құралы ретінде қарастырып, оны гүіт-насихат алаңына айналдырды. 2022 жылы ұйымға антиресейлік ұстанымы бар Польша төрағалық етті. Бұл ұйымның жұмысын нөлге теңестіруге айтарлықтай себеп болды", - деді РФ министрі.
Ресейлік сыртқы саясат ведомствосының басшысы атап өткендей, ЕҚЫҰ-ға дағ НАТО-ға да мүше Батыс елдері Вена ұйымының қағидаларын мақсатты түрде белден басып отыр. Мысалы, НАТО-ны кеңейту, оның әскери инфрақұрылымын Ресей шекарасына жақындату басқалардың қауіпсіздігі есебінен өз қауіпсіздігін күшейтпеу міндетін өрескел бұзады.
Лавров Иран ядролық бағдарламасы туралы келісімі бойынша жұмыстар тоқтатылды деуге ерте екенін айтты.
"Ресей дипломатиясы жеңілуге бейім емес. Бұл батыстағылардың әдеті. Олар әлемге Иран қаупі төніп тұр деген үгіт-насихатта қайта бастап жатыр. Алайда, 2018 жылдың мамырында АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2231 резолюциясындағы өз міндеттемелері бұзылды деген сылтаумен, "ядролық келісімді" әп-сәтте бұзып тастағанша, Иран ядролық бағдарламасы туралы келісім тамаша жұмыс істеп келді. Бұл тарихи келісімдер аясындағы келіссөздер қазір негізгі әдістер анықталып, жауапты шешімдер қабылдайтын деңгейге жетті. Біз бұған дайынбыз. Президент Владимир Путин барлық тараптар өз міндеттемелерін мүлтіксіз сақтауы ең тиімді жол екеенін бірнеше рет айтты. Біз қарапайым әрі түсінікті үлгіні ұсындық: АҚШ пен Иран біруақытта және кезеңді түрде бір-біріне қарай бет бұрып, жоғарыда аталған келісім талаптарын орындауға қайта оралады. Барлық мәселе бүге-шігесіне дейін пысықталды. Саяси ерік болса, осы сценарийді үзеге асырамыз", - деді Лавров.
Сонымен қатар, ресейлік министр уақыт Иран ядролық бағдарламасы туралы келісімнің ақылға қонымды баламасы жоқ екенін дәлелдегенін,ал "Б жоспары" және басқа да қабылданбайтын нұсқаларды жауапсыздық екнін айтты. Оларға көшу эскалацияға, қару-жарақ жарысына, қайтымсыз салдары бар ашық қақтығысқа әкеледі.
Лавровтың айтуынша, Иран төңірегіндегі жағдайды ұзақ мерзімді қалыпқа келтіру үшін Ресей Парсы шығанағы аймағында ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын ұсынды. Өткен жылы "шығанақ" елдерінің қарауына ұсынылды. Бұл мәселеде қайшылықтарды еңсеріп, сенім және қауіпсіздіктің берік архитектурасын құратын аймақ елдері шешім қабылдайды.