АЛМАТЫ, 29 желтоқсан - Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Француз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұловаға тағы бір міндет жүктелді, деп хабарлайды Ақорда.
Ол Қазақстанның Монако Князьдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқаратын болады. Сондай-ақ БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін де қоса атқарушы болып тағайындалды.
Айта кетейік, Гүлсара Арыстанқұлова бұл міндеттерді өзінің бұған дейін атқарған Қазақстанның Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметімен бірге алып жүреді.