Өңірлер

Ақтауда бес жасар қызды зорлады деп айыпталған жаттықтырушыға сот үкімі шықты

Sputnik
АЛМАТЫ, 29 желтоқсан - Sputnik.Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бес жасар тәрбиеленушісіне зорлық жасады деп айыпталған каратэ жаттықтырушысына үкім жарияланды, деп хабарлайды inaktay.kz.
Ол қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша (жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері үшін айыпталды. Каратэ жаттықтырушысы 20 жыл қатаң тәртіптегі абақтыда жазасын өтейтін болады.
Оқиға 4 қыркүйекте болған. Қызын жаттығудан ертерек алып кетуге келген анасы оны залдан таппаған. Кейін оның киім шешетін бөлмеден өң-түссіз шығып келе жатқанын көреді. Жаттықтырушы "қыз жаттығуға барам деп жылады" деген жауаппен жалтарған, деп жазады Немолчи.кз қоры.
Негізі Александр Баландин бір де бір ата-ананы жаттығу залына жолатпаған. Анасы қызын жылдам киіндіріп, жаттықтырушыға тіс жармастан сыртқа ұмтылады. Ғимараттан шыққан соң не болғанын сұрай бастайды. Баласының берген жауабы анасының төбесінен жәй түсіреді.
Ол бірден НеМолчи.кз-ке хабарласқан. Жедел әрекеттің арқасында жаттықтырушы Баландин құрықталды. Педофил айғақтарды тазалап үлгерместен, нақты дәлелмен қолға түсті, деп хабарлайды қор. Ол тіпті жуынып та үлгермеген. Педофил 4 қыркүйек күні құқық қорғаушылармен ұсталды.
28 желтоқсанда Александр Баландинді 20 жыл қатаң тәртіптегі түрмеде қамау туралы сот үкімі шықты.