АСТАНА, 29 желтоқсан - Sputnik.Алматылықтар Қырғызстандағы жер сілкінісін сезінді.
ТЖД мәліметінше, кеше сағат 23.17-де Алматыдан 261 шақырым жерде Қырғызстан аумағы мен Қытай шекарасында магнитудасы 6,2 болатын жерасты дүмпулері тіркелген. Ошағы 25 шаөырым тереңдікте жатыр.
Алматыда 2-3 балдық жер асты дүмпулері сезілді.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.