АЛМАТЫ, 29 желтоқсан - Sputnik. "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ 2023-2030 жылдары ең қажет болатын мамандықтар тобын анықтады, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қазақстан әлеуеті үшін ауадай қажет мамандықтардың көшбасында бухгалтерлер, күзетшілер, инкассаторлар, дүкен сатушылары мен әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері, автокөлік жүргізушілері мен шопырлар тұр. Сондай-ақ медицина қызметкерлері мен мұғалімдерге де сұраныс артады.
Мысалға: 2030 жылға дейін 37,9 мың орта мектеп мұғалімдері керек екен. Балабақша маманы, шаштараз, кеңсе тазалаушылар да қажетті мамандықтар қатарына кіреді.