АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Таңғы уақытта Қарағанды-Ақадыр учаскесінде жүк вагондары аударылды. Соның салдарынан бірнеше жолаушы пойызы бөгеліп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, таңғы сағат 07:45-те Қарабас станциясында жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, алда келе жатқан астық тасымалдаушының доңғалақ жұбы айналмай қалды. Соның салдарынан жеке меншік иесіне тиесілі вагондар жолдан шығып кеткен. Жағдайды тексеру үшін "ҚТЖ"-да арнайы комиссия құрылды", - делінген ресми хабарламада.
Осы учаскеге келген пойыздар көрші жолмен өткен.
Қарағанды, Құлайғыр станциялары бойынша екі жолаушылар пойызы кідіріп қалды. Оқиға орнына Қарағанды, Жаңарқа мен Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы жіберілді.