АСТАНА, 28 желтоқсан - Sputnik. Астана мен Алматыда мемлекеттік күзет қызметі арнайы жасақтарының жоспардан тыс оқу-жаттығуы өтті
Жаттығу 27 желтоқсанға қараған түні Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы генерал-майор Сәкен Исабековтің нұсқауымен өткен.
"Жаттығу барысында арнайы жасақтардың күші дайындықтың жоғары дәрежесіне жеткізілді. Кейін тапсырмаларды орындау аймағына шықты", - делінген хабарламада.
Мемлекеттік күзет қызметі мемлекет басшысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп күзетеді. Президентке ғана есеп береді.