Жамбыл облысының бұрынғы басшысы парамен ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәрім Көкірекбаев пара алу үстінде ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Көкірекбаев, шамамен, 800 мың доллар көлемінде пара алғаны үшін айыпталып отыр. Оны "BAZIS CONSTRUCTION" – "INFR." ЖШС филиал басшысы Андрей Поплавский берген.
Ақшаны "Қазселденқорғау" басшысы арналарды сейсмологиялық тұрғыда күшейту жұмыстарын орындауға оң шешім шығару және қамқоршылық жасағаны үшін алды деген күдік бар. Көкірекбаев пара алу үстінде ұсталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі осы ақпаратты растады. Қазіргі кезде екеуі де қамауға алынды.
Айта кетері, Кәрім Көкірекбаев 2013-2018 жылдары Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарған. Ал 2019 жылы тамыз айында "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды. Мекеме төтенше жағдайлар министрлігіне қарайды.