АСТАНА, 27 желтоқсан - Sputnik. Entueat интуитивтік тамақтану орталығының жетекшісі Светлана Бронникова қыста жетіспейтін маңызды дәрумендер туралы айтты.
Оның айтуынша, қыста күн аз болғандықтан, D дәрумені бірінші орында тұр, деп хабарлайды Lenta.ru.
Диетолог капсуладағы витаминдерді қолданудан бастауға кеңес бермейді. Өйткені бұл денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін. Маман бет пен қолды күн астында бірнеше минут ұстап тұруды ұсынады.
Сондай-ақ, сарапшының айтуынша, қыста ағзаға А, С және В тобындағы витаминдер жетіспейді. Оны толтыру үшін диетаны әртарапты және пайдалы ету маңызды.