АЛМАТЫ, 27 желтоқсан - Sputnik. Астанада дайын құжаттарды беретін постаматтар іске қосылды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин телеграм парақшасында жазды.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында әртүрлі қызмет көрсететін заманауи аймақтар, бейне кабиналар іске қосылады.
"Астанада жаңадан ашылған халыққа қызмет көрсету орталығында персоналдың заманауи форматта жұмыс істеуіне жасалған жағдайлар және басқа да көптеген жаңашылдықтармен таныс болдым. Ұнады", - деп жазды Бағдат Мусин.
Келесі жылы осындай 50 жаңа халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады.
Министрдің айтуынша, алдағы жылы да азаматтарға арналған үкіметтен тағы да бірнеше керемет жобалар болады.