АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Өткен тәулікте 175 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
27 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2563 адам коронавирус инфекциясынан (-2429 + және 134 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 326 пациент стационарда, 2237 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында:
9 адамның жағдайы ауыр,
8 пациенттің жағдайы өте ауыр,
3 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.