АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқиға 24 желтоқсан күні сағат 18:00 уақыт шамасында Самара-Шымкент тас жолындағы Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылы тұсында болды.
"Вольво" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарама-қарсы бағыттағы Қырғызстан Республикасының азаматының басқаруындағы "DAV" маркалы жүк көлігімен соқтығысты.
Жол апаты салдарынан 44 жастағы "Вольво" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ оның 24 жастағы жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен аурухана жеткізілді.