АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің 22 мыңнан астам азаматы Қазақстанда ресми түрде жұмысқа орналасқан. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр ресейліктердің Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсаты бар екенін атап өтті.
"Бүгінде 22 мыңнан астам ресейлік міндетті зейнетақы жарнасын аударады. Олар жергілікті атқарушы органдардан еңбек етуге рұқсат алған", - деді Дүйсенова үкімет кулуарында.
Бұдан бөлек, қазақстандық және шетелдік компанияларда басқа елдердің 14 мыңнан астам азаматы қызмет етеді. Оларға Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілген, міндетті зейнетақы жарналарын да аударып жүр.