АЛМАТЫ, 26 желтоқсан - Sputnik. Алматыда мешітте ұрлық жасауды кәсіпке айналдырған екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаланың Бостандық ауданының полицейлері мешітте жасалған 7 ұрлықтың бетін ашты. Жедел іздестіру кезінде 29 және 34 жастағы жұмыссыз ер адамдар ұсталды.
Біреуінің 5 қылмысқа қатысы бары дәлелденді, оның “әріптесі” екі рет ұрлық жасаған. Екекі де шаһардың ірі мешіттерінің бірінде бірнеше ұрлық жасаған.
"Зардап шеккендердің айтуынша, олар намаз кезінде телефонды аяқтарының астына еденге қойған. Намаздан кейін телефонды таппай қалған. Ұсталғандар кінәсін мойындады. Күдіктілердің қаланың басқа да аудандарында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатырмыз", - деді Бостандық аудандық Пплиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.