АЛМАТЫ, 26 желтоқсан — Sputnik. Алматыда тайғақ жолда бірін-бірі басып озбақ болған жүргізушілер салдарынан бес көлік соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Саин көшесіндегі жаппай жол апаты
© Sputnik / Стрингер
Саин көшесінде бір бағытта келе жатқан Mercedes пен Ford Focus соғылып, келесі көлікке соқтығысады. Салдарынан "Лада Приора" мен Toyota Camry көліктері де жол апатына ұшыраған.
Саин көшесіндегі жол апаты
© Sputnik / Стрингер
Жаппай жол апатынан бір адам зардап шекті. Соғылған көліктердің бірі сол бағытта келе жатқан Kia Optima көлігін де апатқа ұшыратады. Жаппай қақтығыста Ford Focus жолаушысы көптеген жарақаттар алып, ауруханаға түсті. Полиция қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтап жатыр.