АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда тұрақсыз ауа райы болады деп болжап отыр.
Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіледі, қар жауады, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Метеорологтар температура аясында күрт өзгерістер күтілмейтінін айтты. Еске салсақ, қазір батыста ауа температурасы 8-13 градус аязды, солтүстікте, солтүстік-батыста және орталықта 10-25 градус аяз, шығыста 10-18 градус аязды ауа температурасы ауытқып тұр, ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы 0-15 градусқа дейін біртіндеп көтеріліп жатыр.