Фото

2022 жылғы поляр шұғыласының ең үздік суреттері

Суреттер топтамасынан The 2022 Northern Lights photographer of the year фотобайқауындағы ең үздік жұмыстарды тамашалай аласыз
Sputnik
Дэн Зафра – "Capture the Atlas" атты саяхат туралы танымал блогтың авторы. Бір жыл бойы ол поляр шұғыласының ең керемет суреттерінің тізімін жасайды. Жоғары сапалы жұмыстарға ғана емес, сондай-ақ, суреттің жаңа локацияда түсірілуіне де басымдық беріледі.
Бұл суреттер көптеген елде түсірілген. Олардың арасында Аврораны көруге ұмтылғандар баратын елдер, атап айтқанда Ресей, АҚШ, Канада, Финляндия, Норвегия, Исландия, Дания, Жаңа Зеландия бар.
Түнгі аспан мен полярлық шұғыланың шабыттандыратын суреттерінен ләззат алыңыз!
1 / 15

Руслан Мерзляков "Қызыл аспанды" Даниядағы өз үйінен үш минуттық жерде түсіріп алған.

2 / 15

Нико Ринальди түсірген "Полярлық арман" атты сурет. Автор бұл суретті Ресейдің солтүстігінде, Мурманск облысында түсірген.

3 / 15

"Түстер жарылысы" атты сурет. Фотограф Винсент Бьюдеза оны Норвегияда түн ауған шақты түсірген.

4 / 15

"Эльфтер үйі" деп аталатын бұл сурет ең үздік жұмыстардың тізіміне енді. Автор Асьер Лопес Кастро суретті Исландияда түсірген.

5 / 15

Мэрибет Киченски түсірген "Мичигандық түнгі қарауыл" атты сурет. Суретте поляр шұғыласы жарығында айқын көрініп тұрған Маяк Пойнт-Бетси бейнеленген.

6 / 15

Вирджил Реглиони қолынан шыққан "Биік мұздар" атты сурет Гренландия шығысында түсірілген.

7 / 15

Джулио Кобьянки "Бастау" атты суретті Лофотен аралдарында түсірген. Суретте Құс жолы, Андромеда галактикасы және Үлкен Аю шоқжұлдызы көрініп тұр.

8 / 15

Каван Чай өз жұмысын "Аспан жарылысы" деп атады. Сурет Жаңа Зеландияның Тайари аралында түсірілген.

9 / 15

"Бақыт қуған" деп аталатын сурет байқау аясында ең үздік деп танылған жұмыстардың қатарына енді. Авторы Дэвид Эрихсен. Кастнер мұздығы, Аляска.

10 / 15

"Маяк Наггет-Пойнт Аврора" – бұл сурет кездейсоқ түсірілген. Дуглас Торн Наггет-Пойнт (ЖаңаЗеландия) шамшырағының төбесіндегі Құс жолын суретке түсіріп жатқанда солтүстік шұғыласы басталған.

11 / 15

Рэйчел Джонс Росс түсірген "Солтүстік аспан астында" атты сурет, Юкон аумағы, Канада.

12 / 15

"Солтүстік кетсаль" – Луис Солано бұл кадрды осылай атады. Исландия аспанындағы түстер шағылысуы авторға тропикалық құсты есіне түсірген.

13 / 15

Бұл сурет те Исландияда түсірілген. Яннес Краузе оны "Керлаугар төбесіндегі жарық" деп атады.

14 / 15

"Аврора әлемі" атты суретті Тор-Ивар Несс Норвегияда түсірген. Бұл сурет те үздік жұмыстар тізіміне кірді.

15 / 15

Унаи Ларрайя байқауға "Қыс рухы" атты суретті ұсынды. Сурет Лапландияда аязды қыста түсірілген. Рииситунтури ұлттық паркі.