Мысырда баскетбол ойыны кезінде стадионда мінбер құлады

Sputnik
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Мысыр астанасының батысындағы 6 қазан атындағы қаладағы жабық стадионда мінбердің құлауы салдарынан кем дегенде 27 адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости.
Оқиға Каир мен Александрия командалары арасындағы баскетбол ойынының соңғы минуттарында болды.
Жараланғандардың көбінде сынық пен қан кету жарақаттары тіркелді. Адам өміріне қауіп төндіретін залал жоқ.