Видео

Кішкентай қыз мектептегі қойылымнан кейін көрермендерді өз әрекетімен сүйсіндірді - видео

Sputnik
Жұлдыз болу үшін ең алдымен өзіңе деген мызғымас сенімділік, аздап әртістік қабілет және керек уақытта керек жерде бола білу керек
Бұл кішкентай қыз мектепте өнер көрсеткеннен кейін сахнадан кеткісі келмеді. Перде жабылып, оның сыныптастары сахна артында қалғанда, ол осы мүмкіндікті өзінің "жұлдызды сәтіне" айналдырды.
Балақай бұл көрініске сүйсініп, оған қол шапалақтаған көрермендер - ата-аналардың қошеметін мейлінше ұзақ қабылдап, сахнада тұрып қалды. Көрермендер мектеп театрының жас "примасын" жан-жақты жігерлендіріп, оның өзіне деген сенімділігі мен жағдайды оңынан пайдалана білу қабілетіне тәнті болды.
Кішкентай қыздың кез келген адамды сүйсіндірер тәтті қылығын видеодан тамашалаңыз.