АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Байқоңыр прокуратурасы "Орион" бассейнінде болған баланың өлімін тексеріп жатыр.
22 желтоқсан сағат 14.40 кезінде жүзуден өтіп жатқан сабақ барысында тоғыз жасар бала өзін кенеттен нашар сезінген. Оған инструкторлар мен бассейннің медициналық қызметкерлері көмек көрсете бастаған, бірақ оқиға орнына келген жедел жәрдем мамандары баланың өлімін тіркеді.
Оның бассейнге баруға болатынын растайтын медициналық құжаттары болған.
Ер бала өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жасалады.
"Сот-медициналық сарапшының алдын ала болжамына сәйкес бала сырқаттан көз жұмды, оның суда батып кетуі мүмкін емес", - деді прокуратурадағылар.