Бас санитар дәрігер қазақстандықтарға қоғамдық орындарда бетперде киюге кеңес берді

Респираторлық вирустық инфекциялар және тұмау жұқтыру деңгейі өткен аптамен салыстырғанда 3%-ке өсті
Sputnik
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда респираторлық вирусты инфекциялар және тұмаумен сырқаттанудың өсуі тіркеліп отыр, сондай-ақ күніне 300-ге дейін адамның коронавирус инфекциясын жұқтыруы тіркелді. Сондықтан республиканың бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова инфекция жұқтырмас үшін қоғамдық орындарда бетперде киюді ұсынды.
Жалпы республика бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Бұл ретте, 12 өңірде – Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Абай, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында – R көрсеткіші 1-ден жоғары, бұл инфекция таралуының өршуінің белгісі болып табылады.
Өткен аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда инфекция жұқтыру 3%-ке өсті, деді ол.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда респираторлық инфекция жұқтыру 20%-ке артқан.
Әлем
Қаңтар айында Қытайда коронавирус жұқтыру көрсеткіші күрт артады