Спорт

Шахматтан әлем чемпионы Магнус Карлсен Алматыға келді

Sputnik
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Алматыға шахматтан қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен келді.
Ол 25-30 желтоқсанда Алматыда өтетін шахматтан әлем чемпионатына қатысады. Чемпионатта әлемнің 50 елінен келген жетекші шахматшылар бақ сынайды.
Әуежайда Магнус Карлсенді жас жанкүйер, шахматшы Дилайла Сәдуақасова күтіп алды. Дилайла блиц бойынша Қазақстан чемпионы, 2019 жылғы Карпов кубогінің иегері, FIDE Халықаралық шахмат федерациясы сыйлығының иегері. Шахматшы "Дилайламен бірге шахмат хикаялары" бірегей мәдени-ағартушылық жобасын құрғаны үшін марапатталды, деп хабарлайды Қазақстанның шахмат федерациясы.

"Мен Магнус Карлсеннің дарынына сүйсінемін және оның чемпион болып қалыптасуында әкесінің рөлі мен сіңірген еңбегі зор деп есептеймін. Мені де туыстарым әркез қолдайды. Олардың қолдауы болмаса, мен табысқа жете алмас едім. Мен Магнустан ғана емес, оның әкесінен де қолтаңба да алдым", - дейді 9 жасар Делайла.

Турнирді ФИДЕ мен Қазақстанның шахмат федерациясы ұйымдастырып отыр. Турнир Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өтеді. Чемпионат Алматы қаласы әкімдігі мен Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп жатыр.
Турнирдің жүлде қоры 1 миллион долларды құрайды.