Қазақстанда автокөлік өндірісі бір жылда 32%-ке өсті

Sputnik
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Қаңтар-қарашада Қазақстанда 90 434 жеңіл көлік (+32,3%), 6 575 жүк көлігі, 1 158 автобус (+13,6%), 623 тіркеме/жартылай тіркеме және 456 басқа мамандандырылған техника шығарылды. Бұл туралы жұма күні Қазақстан автобизнес қауымдастығы хабарлады.
Қазақстандағы кәсіпорындарда өнімдері игерілетін ең танымал брендтердің үздік бестігін (экспортты қосқанда) Chevrolet (34 360), Hyundai (33 223), Kia (13 384), JAC (6 400 бірлік) және Lada (4 877 бірлік) құрады. Ең танымал модельдер қатарында Chevrolet Cobalt, Hyundai Tucson және Chevrolet Nexia тұр.
Қостанайдағы "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" кәсіпорны ең көп көлік шығарды. Мұнда өткен жылы дайындалған көлік саны 50 012 (+20%) болса, биыл 60 029 көлік шығарылды. Алматыдағы "Hyundai Trans Kazakhstan" өндірісті 33 223 көлікке (+46,8%) дейін ұлғайтты. Семейдегі "СемАЗ" 2 117 коммерциялық техника шығарды.
Көкшетауда "КАМАЗ Инжиниринг" 1 117 жүк көлігін, алматылық "Hyundai Trans Auto" 958 коммерциялық техника (+39%), Қарағанды ​​облысында QazTehna 449 автобус, Daewoo Bus Kazakhstan 182 техника шығарды.