Қостанайды құрылыста жұмысшы көз жұмды: тергеу әлі жүріп жатыр

Sputnik
АЛМАТЫ, 22 желтоқсан – Sputnik. Қараша айында Қостанайдағы құрылыс нысанында қаза тапқан жұмысшыға қатысты фактілер әлі де тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға Қостанайдың оңтүстік-батыс бөлігіндегі "Береке" шағын ауданындағы құрылыс алаңында болған. 46 жастағы тас қалаушы жұмысшы ауысым аяқталғаннан кейін шатырдың төбесінен 9 қабатты алаңға түсіп, лифт шұңқырына құлап кеткен. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасы бұл фактіні растады.
Қазір ведомство қызметкерлерінің мәліметінше, өндірістегі өлім-жітімнің себептері мен мән-жайлары әлі деп зерттеліп жатыр. Облыстық полиция басқармасының айтуынша, еңбек инпекциясы зерттеп болған соң іс материалдары процедуралық шешім қабылдау үшін полицияға жіберіледі.