АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкент қаласында орналасқан Төле би кесенесіне зиярат етті, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Президент Ташкент қаласындағы көрнекті орындардың бірі "Төле би кесенесі" сәулет кешеніне барды. Бұл жерде қазақтың біртуар перзенті Төле би жерленген.
Ташкент қаласының территориясында орналасқан ұлы тұлғаның кесенесі XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.
Естеріңізге сала кетейік, кеше мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды.