АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Андрей Стенинді еске алуға арналған әлемнің жас фототілшілерінің 9-шы халықаралық байқауының Ұйымдастыру комитеті 2023 жылға арналған жұмыстарды қабылдау туралы хабарлады. Байқауға 2014 жылдың жазында Донецк түбінде қызмет кезінде қаза тапқан "Россия сегодня" медиа тобының арнайы фототілшісінің есімі берілген.
Дәстүр бойынша жыл сайынғы фотобайқау Андрей Стениннің туған күні – 22 желтоқсанда басталды.
18 бен 33 жас аралығындағы қатысушылар байқаудың сайтына орыс, ағылшын және қытай тілдерінде жұмыстарын жолдай алады. 2023 жылы номинациялар мен санаттар саны өзгеріссіз қалды: төрт номинация – "Басты жаңалықтар", "Спорт", "Менің планетам" және "Портрет.
Біздің заманның қаһарманы" және екі санат – "Дара жұмыстар" және "Топтамалар". Әрбір номинация бойынша бір дара пен бір топтаманы ұсына алады. Байқауға өтінімдер 2023 жылдың 28 ақпанына дейін қабылданады.
Жеңімпазға 700 мың рубль беріледі
2023 жылғы байқаудың жүлде қоры әр номинация бойынша бірінші, екінші және үшінші орындар үшін 125, 100 және 75 мың рубльді құрайды.
Стенин атындағы байқаудың ең жоғары марапаты – Гран-при иегері 700 мың рубль алады. Жаңа жылда қорытындысы шығатын байқауда жеңімпаздардың ресейлік және шет мемлекет қалаларына көрме турнесін өткізу дәстүрі сақталады.
Роуд-шоу жас фототілшілерге өз жұмысын бүкіл әлемдегі аудиторияға көрсетуге, қазіргі заманның ең өзекті проблемалары мен сын-қатерлеріне назар аударуға мүмкіндік береді.
Байқау көрмелерінің географиясы 2014 жылы басталғаннан бері Еуропа, Азия, Латын Америкасы, Африка және Таяу Шығыстың қырықтан астам қаласын біріктірді.
"Желтоқсан айы Андрей Стенин атындағы байқау командасы үшін әрқашан қуаныш пен толқуға толы: біз байқауға қатысушылардың жұмысын асыға күтеміз. Кәсіби фотосурет әлемі біздің байқауымызды жоғары бағалайды.Біздің өз орнымыз бар, біз оны мақтан тұтамыз және өз жолымызбен жүруді жалғастырамыз. Байқауымыздың барлық жаңа қатысушыларына сәттілік пен жеңіс тілейміз!", - деді Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауының кураторы, "Россия сегодня" медиатобының визуалды жобалар қызметінің жетекшісі Оксана Олейник.
ЮНЕСКО істері жөніндегі РФ комиссиясының аясында "Россия сегодня" медиатобы ұйымдастырған Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жас фотографтарды қолдауға және заманауи фотожурналистиканың мәселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталған.
Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосы, RT телеарнасы мен порталы, Independent Media медиахолдингі (Оңтүстік Африка Республикасы), ANA ақпарат агенттігі (Оңтүстік Африка Республикасы), Shanghai United Media Group (SUMG) (Қытай), China Daily газетінің интернет-порталы (Қытай), The Paper интернет-порталы (Қытай), Al Mayadeen медиа желісі (Ливан) байқаудың ақпараттық серіктестері болды. Атыраулық полицейлер өртенген үйден жеті