АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Атыраулық полицейлер өртенген үйден жеті жасөспірімді эвакуциялады, деп хабарлайды Polisia.kz.
21 желтоқсан күні сағат 09:35 шамасында Құрманғазы ауданы ПМК-25 елді мекенінде орналасқан екі қабатты жатақханадан өрт шыққан.
Жалын шарпыған үйді байқаған Құрманғазы аудандық полиция бөлімі патрульдік полиция тобының инспекторлары Бекжан Мұратқалиев және Нұрболат Қабасов оқиға орнына дереу жетіп, өрт екінші қабаттан шығып жатқанын байқаған.
Тәртіп сақшылары өрт сөндірушілерімен бірлесіп, адам өміріне төнген қауіпті бірге ауыздықтаған. Қызметкерлердің жедел әрекеті нәтижесінде өртке оранған үйден жеті жасөспірімді алып шығып, жедел жәрдем келгенге дейін қызметтік көлікке жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.