Орнықты даму: премьер-министр үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді

Sputnik
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстандағы орталық мемлекеттік органдар басшылығы мен дипломатиялық корпус, БҰҰ және БҰҰДБ өкілдерінің қатысуымен Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің 6-отырысын өткізді.
Отырысқа қатысушылар биылғы ведомствоаралық жұмыс топтары қызметінің қорытындысын, Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ТДМ бойынша БҰҰ өңірлік хабын ашу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу барысын қарады, сондай-ақ ОДМ-ды іске асырудың 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарын мақұлдады.
Премьер-министр өз сөзінде Орнықты даму мақсаттарының қағидаттарын енгізу азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және экономиканың барлық саласында үздік халықаралық стандарттарды қабылдауға бағытталғанын атап өтті.
"Бүгінгі таңда келесі жылға арналған нақты міндеттер белгіленді, оларды біртіндеп іске асыру керек", — деді Әлихан Смайылов.
Шетелдік әріптестер республикада жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, әлеуметтік-экономикалық саланың негізгі бағыттарын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар айтты.