Фото

Футболдан әлем чемпионатының қызықты сәттері – фото

Қатарда өткен футболдан әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталды
Sputnik
Аргентина құрамасы матчтан кейінгі пенальтилер сериясында Франция құрамасын жеңіп, жеңімпаз атанған болатын. Осындай әсерлі жарыс кезінде түсірілген қызықты суреттерді топтамадан тамашалаңыздар.
Қатарда әлем біріншілігі 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтті. Бұл араб әлемінде өткен алғашқы әлем чемпионаты. Биыл әлем чемпионатының финалдық кезеңінің матчтары 5 қаладағы 8 стадионда – Доха, Ар-Райян, Лусаил, Әл-Хор және Әл-Вакрада ұйымдастырылды.
2022 жылғы әлем чемпионаты тарихтағы ең қымбат спорт шараларының бірі болды. БАҚ хабарлауынша, оны ұйымдастыруға 200 миллиард доллардан астам қаржы жұмсалған.
Sputnik суреттер топтамасында спорт ареналары мен стадиондарында түсірілген қызықты және күлкілі кадрларды көре аласыз.
1 / 15

Бас төреші Антонио Лаос (сол жақта) Нидерланды мен Аргентина арасындағы әлем чемпионатының 1/4 финалдық ойынында аргентиналық Леандро Даниэль Паредеске (ортада) сары қағаз көрсетіп тұр

2 / 15

Хорватия мен Бельгия құрамалары арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі ойында Хорватия құрамасының ойыншысы Матео Ковачич (сол жақта) мен Бельгия құрамасының ойыншысы Тоби Алдервейрелдтің қызықты әрекеті суретке түсіп қалды

3 / 15

Аргентина құрамасының ойыншысы Лионель Месси әлем чемпионатының 1/4 финалындағы Нидерланды мен Аргентина матчында пенальти кезінде допты қақпаға дөп тигізгеннен кейін қуанып тұр

4 / 15

Камерун құрамасының ойыншысы Венсан Абубакар әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Камерун мен Бразилия құрамалары арасындағы ойында гол соққаннан кейінгі сәті

5 / 15

Португалия мен Уругвай құрамалары арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі ойын кезінде Португалия құрамасының ойыншысы Жоау Феликс, Уругвай құрамасының ойыншысы Хосе Хименес және Португалия құрамасының ойыншысы Криштиану Роналду (солдан оңға қарай) допқа таласып жатыр

6 / 15

Испания мен Германия құрамалары арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі ойында Испания құрамасының қақпасы жанындағы ойын сәті

7 / 15

Әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Нидерланды мен АҚШ арасындағы ойында Нидерланд құрамасының ойыншысы Френки де Йонг пен АҚШ құрамасының ойыншысы Хаджи Райт (оң жақта) допты қағып алуға тырысып жатыр

8 / 15

Француз футболшылары әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Франция мен Дания арасындағы матчта гол соққан соң қуанып жатыр

9 / 15

Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Жапония мен Коста-Рика арасындағы ойын кезінде Жапония құрамасының футболшысы Майя Йосида допты басымен қағуға әрекеттенді

10 / 15

Нидерланды мен Аргентина құрамалары арасындағы әлем чемпионатының 1/4 финалдық матчында Нидерланды құрамасының ойыншылары Дензел Думфрис, Вирджил ван Дейк, Коди Гакпо (солдан оңға қарай) өз қақпаларын қорғап тұр

11 / 15

Солдан оңға қарай: Эннер Валенсия (Эквадор) мен Альмоез Али (Катар) әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Катар мен Эквадор арасындағы ойында допты қағып алуға тырысып жатыр

12 / 15

Солдан оңға қарай: Эннер Валенсия (Эквадор) мен Альмоез Али (Катар) әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Катар мен Эквадор арасындағы ойында допты қағып алуға тырысып жатыр

13 / 15

Испания құрамасының футболшысы Альваро Мората әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Испания мен Германия құрамалары арасындағы ойында гол соққан соң қуанып тұр

14 / 15

Англия құрамасының ойыншысы Гарри Магуайр (оң жақта) және Франция ойыншысы Оливье Жиру Англия мен Франция арасындағы әлем чемпионатының ширек финалдық ойынында допқа қарай ентелеп бара жатыр

15 / 15

АҚШ құрамасының ойыншысы Бренден Ааронсон мен Нидерланды құрамасының ойыншысы Френки де Йонг (оң жақта) Әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Нидерланды мен АҚШ арасындағы ойында допқа таласып жатыр