Елорда тынысы

Астаналық теракт жасамақ болды - сот үкімі шықты

Sputnik
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Астана қаласында лаңкестікке дайындалған ер адам сотталды, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Сотта оның терроризм актісіне дайындалу, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды даярлағаны да дәлелденді.
Оған қоса, билікті басып алу мен ұстап тұру, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау фактілері анықталды.
Ер адам 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сарыарқа аудандық сотының шешімі заңды күшіне енді
Ал Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасы сот үкімі өзгеріссіз қалдырды.