Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 21 желтоқсан – Sputnik. Бұрынғы мәдениет министрі, Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Астана қалалық соты.
Айта кетері, Арыстанбек Мұхамедиұлы мамырдан бері қамауда отыр.
"20 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты", - делінген Астана қалалық сотының мәлімдемесінде.
Еске салсақ, Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу кезінде 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды" деген күдікпен тергеу жүріп жатыр.