АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. Алматының тергеу соты журналист Михаил Козачковты екі ай қамауда ұстау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Сот қаулысына сәйкес ол 2023 жылдың 18 ақпанына дейін қамауда болады.
Естеріңізге сала кетейік, 18 желтоқсанда қаржылық мониторинг агенттігі журналист Михаил Козачковты ұстады.
Ол Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деп күдікке ілінді.