Қазақстан жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетті

Sputnik
АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Әлімхан Есенгелдиев БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссиясының өкілдерімен бірлесіп Пактика провинциясының Бармал уезіне барды, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.
Сапардың мақсаты - жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге Қазақстанның бұрын жіберген гуманитарлық көмегінің бір бөлігін (киім, төсек, матрацтар, көрпелер, шағын пештер және т.б.) беру.
Сапар барысында аталған гуманитарлық көмек Вара, Субха-Хел, Девари және Рагзай төрт елді мекеннің ақсақалдары мен өкілдеріне тапсырылды.
Ақсақалдар мен елді мекендердің өкілдері Қазақстан президенті мен үкіметке және қазақ еліне елеулі көмек көрсеткені үшін ризашылықтарын білдірді.