Ақтөбеде сәбиін тастап кеткен әйел табылды

Sputnik
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбеде сәбиін тастап кеткен әйел табылды, деп хабарлайды ішкі естер министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін хабарланғандай, 19 желтоқсанда сағат 22.05-те полицияға Ғ. Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қораптан баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.
Жедел –іздестіру іс –шаралары барысында 29 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Жауап алу барысында оның екі кәмелетке толмаған баласы бар екені анықталды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.