АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. ҰҚШҰ жақын арада бітімгерлік күштерін арттыруды жоспарлап отырған жоқ, деп мәлімдеді ұйымның бас хатшысы Станислав Зась.
Ұйымдағылар бітімгерлік күштерінің қазіргі уақыттағы құрамы жеткілікті деп есептейді.
"Әскери контингент кез келген қауіп-қатерге қарсы тұруға жеткілікті", - деді Зась Мәскеудегі Sputnik баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында.
"Сонымен бірге, біз қажет болған жағдайда бітімгерлік күштердің үлкен тобын тез арада қалыптастыра алатынымызды жақсы түсінеміз, бұл үшін бізде бәрі бар", - деді ол.