Экономика

Онлайн-сауда: қазақстандықтар қандай тауарларды ең көп сатып алады

Sputnik
АЛМАТЫ, 19 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда онлайн сатып алынған тауарлар көлемі артты. Биыл тоғыз айда онлайн-тәсілмен 59,2 триллион теңгеге 3,8 миллиард төлем транзакциясы жүргізілді. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 33,7%-ке артық, деп хабарлайды ranking.kz.
Мониторингтік компанияның ақпаратына сәйкес, қазақстандықтар интернет арқылы жиһаз, электроника, тұрмыстық техника, киім-кешек, үй және тұрмыстық тауарлар мен азық-түлік те сатып алады.
Онлайн саудада ең көп сатылады
киім мен спорттық тауарлар - 63,6%
азық-түлік өнімдері- 48,4%
Сонымен қатар дәрі, косметика, үйде пайдалануға арналған тауарлар, кітап, журнал, газет, фильм, музыка да онлайн саудада жиі сатылады.
Сарапшылар былтыр 4 миллиардтан астам транзакция жасалғанын атап өтті. Биыл қарашаның "жомарт жұмасын" және алдағы мерекелерді ескере отырып, транзакция саны одан да артады деп болжанып отыр.
Қазақстандықтар көмірді онлайн сатып ала алады