Қазақстан - Орталық Азиядағы ең арзан байланысы мен жылдам интернеті бар ел

Sputnik
АЛМАТЫ, 19 желтоқсан - Sputnik. Қазақстан - Орталық Азиядағы ең арзан байланысы мен жылдам интернеті бар ел ретінде танылды. Мұны International telecommunication Union (ITU) зерттеуінің деректері дәлелдеді.
Мәселен, өткен жылы Қазақстандағы тариф бойынша ұялы байланысқа жұмсалған шығыстар жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыстың (ЖҰӨ) 1,04% ғана құрады. Сарапшылар 70 минуттық сөйлесу, 20 SMS және 500 МБ мобильді интернетті қамтитын орташа тарифті қарастырды.
Бұл ретте, мобильді интернет жылдамдығы Қазақстаннан аз ғана айырмашылығы бар Қырғызстанда мобильді байланыс шығындары жан басына шаққандағы жалпы ұлттық өнімнің 3,11% құрады.
Ұялы байланыс шығындарының жақын деңгейі Өзбекстанда (жан басына шаққандағы ЖҰӨ-нің 1,14%) және Түрікменстанда (жан басына шаққандағы ЖҰӨ-нің 1,17%) тіркелген. Бұл ретте мобильді интернеттің жылдамдығы Қазақстанға қарағанда төмен.
Тәжікстанда да жылдамдық айтарлықтай нашар, ал ұялы байланыс шығындары 2021 жылы жан басына шаққандағы ЖҰӨ-нің 3,02% құрады.