Президент Өзбекстан республикасына мемлекеттік сапармен барады

Sputnik
АЛМАТЫ, 19 желтоқсан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсан күндері Өзбекстан республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізіп, екіжақты іс-әрекеттің өзекті мәселелерін, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-транзиттік ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды.
Сондай-ақ олар өңірлік және халықаралық күн тәртібін қарастырады.
Мемлекеттік сапар аясында бірқатар екіжақты шарт пен келісімге қол қойылады деп жоспарланып отыр.